Артқа
Мерекелер

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ұлттық мерекелері:

  • 1,2 қаңтар –Жаңа жыл Мемлекеттік мерекесі
  • 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні Мемлекеттік мерекесі
  • 21-23 наурыз –Наурыз мейрамы Мемлекеттік мерекесі
  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Мемлекеттік мерекесі
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Мемлекеттік мерекесі
  • 9 мамыр – Жеңіс күні Мемлекеттік мерекесі
  • 6 шілде – Астана күні Мемлекеттік мерекесі
  • 30 тамыз – Конституция күні Мемлекеттік мерекесі
  • 25 қазан - Республика күні Ұлттық мерекесі
  • 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні Мемлекеттік мерекесі
  • Қазақ халқының негізгі дәстүрлі мерекелерінің бірі – Наурыз мейрамы. Наурыз мейрамы Қазақстанда ресми түрде үш күн қатарынан – 21, 22 және 23 наурызда тойланады. Наурыз мейрамы ежелгі шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл деп аталады. Бұл күні Қазақстанның қалалары мен ауылдарының көшелеріне талғампаз киіз үйлер тігіліп, кез келген адам мерекелік дастарханнан дәм тата алады. Барлық жерде ойындар өтеді. Бұл мерекенің негізгі салттық тағамы – наурыз-көже, ол 7 ингредиенттен (су, ет, тұз, май, ұн, жарма (күріш, жүгері немесе бидай) және сүт) тұруы керек. 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілді, сол уақыттан бастап 21 наурыз Халықаралық Наурыз күні болып жарияланды.