Артқа
Іс-шаралар

Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

Алдын алу шаралары arrow
Күнделікті
Апта сайын
Педагогтерге ұсынылады
    Тәрбиеде құндылықтарды қалыптастыр
  • Күнделікті іс-әрекетте үлгі көрсету.
  • Сыныпта және одан тыс жерлерде тәрбиені жүзеге асыру және белсенді орындау.
  • Құндылықтарды қалыптастыру тәсілдерін жүзеге асыру үшін басшылықпен үйлестіру.
  • Білім алушыларға қауіпсіз және қолдаушы ортада өз құндылықтары мен нормаларын дамытуға мүмкіндік жасау.
    Оқыту және дамыту
  • Құндылықтар мен тұлғаны қалыптастыру мәселелеріне бағытталған сынып сағаттарының мазмұны арқылы құндылықтарды кіріктіру;
  • Өзекті мәселелерді және тұлғалық дамуды талқылау үшін пәннің мазмұнын пайдалану.
  • Адамгершілік қасиеттерді бірлесе оқыту мақсатында мектепішілік іс-шаралар ұйымдастыру.
  • Білім алушыларды белсенді түрде қызықтыру үшін түрлі педагогикалық әдістерді қолдану.
  • Этикалық дилеммаларды талдау және шығармашылықты дамыту үшін оқу материалдары мен ресурстарын пайдалану.
    Сабақтан тыс қызмет
  • Көшбасшылық қасиеттерді көрсету және дамыту үшін сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыру.
  • Білім алушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу үшін мектеп іс-шараларын өткізу.
  • Білім алушыларда құндылықтарды қалыптастыруға ынталандыру үшін қоғам қайраткерлерін, ата-аналарды шақыру.
  • Әлеуметтік белсенділік және волонтерлік қызмет жобаларын әзірлеу және іске асыру.
    Ата-аналармен ынтымақтастық
  • Ата-аналармен және жағымды қарым-қатынасты дамыту.
  • Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту үшін ата аналарды мектеп өміріне тарту.
    Жергілікті қоғамдастықпен өзара қарым-қатынас
  • Білім алушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін жергілікті ұйымдармен қарым-қатынас орнату және қолдау.
  • Әлеуметтік даму мен қоғам өміріне қатысуға бағытталған мектеп жобалары мен іс-шараларын ұйымдастыру