Артқа
Құқық теңдігі
Конституция

14 бап

Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Конвенция

Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі. Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылданды.
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау.
Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар.
Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды.
Бала құқықтары туралы  халықаралық Конвенциядан:

  • Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;
  • Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;
  • Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;
  • Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;
  • Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;
  • Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;
  • Әрбір баланың ой – пікір, ар -  ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;
  • Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;
  • Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;
  • Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Оқушы құқығы
1. Ана тілінде тегін оқу, медициналық қызмет, өмірінің қорғау, оқуға жақсы жағдай жасау, еңбек пен демалыс, мектепте уақытымен сапалы тамақтануға.
2. Жеке тұлғасын құрметтеу, керек жағдайда мұғалімдер немесе басқа мектеп қызметкерлерін өзіне қарату, олардан көмек алу.
3. Оқуда: — мемлекеттік және басқа бағдарлама бойынша сапалы білім алу, мектепішілік оқулықтар, құралдармен пайдалануға -оқушының аурып қалған және басқа жағдайда мұғалімдерден қосымша көмек алуға;
4. Өз қабілетін және талантын жан-жақты дамыту, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларды таңдауға.
5. Өз ұйым өмірінің сұрақтарын шешу кезде қатысуға
6. Өз қабілеті, білімі және мүмкіндігіне  қарай байқау, жарыс, сайыстарда өз сыныбын, мектебін таныстыруға.
Оқушы міндеті
1. Мектеп Жарлығын орындау, сонымен қатар: —  мектеп жарлығына сәйкес жағдайда, мектеп қызметкерлер және кезекші оқушылардың айтқанын орындау, мектеп ішіндегі қалыптасқан ережелер, қауіпсіз техникасын және тазалықты сақтау; — мұғалім және өз ұжымының тапсырысын орындау, сынып кезекшілікте және өз-өзіне қызмет жасауға қатысу; — оқушылар, басқа мектеп қызметкерлерінің құқығын құрметтеу және олармен санасу, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жасамау, даулы сұрақтарды тәртіппен шешу; — мектеп, сыныпта тыныштық, сабырлықты сақтау: — темекі шекпеу, денсаулыққа зиянды заттарды қабылдамау, сыпайы, сабырлы, киімін таза ұстау, өз-өзіне қарау,
2.Оқуда: — ынталы оқу,оқу процесіне кедергі жасамау,үйде және сыныпта мұғалім тапсырмасын өзіндік орындауға тырысу; — уақытында сабаққа келу,оқу орнын таза ұстау; — сабаққа мектепішілік формамен келу;
3. Мектеп ғимаратын, оқу құралдарын, мүліктерін сақтау, басқалардың еңбегін құрметтеу, өз және басқалардың заттарына, ағаштарға ұқыптылықпен қарау, егер зиян келтірген жағдайда ата-аналармен өтеу.
4. Су және электроэнергияны,тағамдарды үнемдеу.
5. Өз ұстау мәдениеті, еңбек және сөйлеу ережесін сақтау.