Артқа
Көшбасшылық қабілетті дамыту

Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті» атты кітабында нағыз көшбасшы болуға лайық жандарда қандай қасиеттер болу керек екенін анық айтып өткен болатын, соның ішінде:

Мәселені жақсы шешетін көшбасшылар мына 5 қасиетке ие болу керек:

Проблеманы көре білу

Проблемадан құтыла алмайтындығын білетін жақсы көшбасшы, оны көре біледі. Егер сіздің позитивті ұстанымыңыз жақсы болып және қиын жағдайға әр кез дайын бола алсаңыз, жолыңыздағы барлық тұрған барлық мәселені толықтай шеше аласыз.

Шындықты қабылдай алу. 

Адамдар проблеманы әр түрлі қабылдайды:
- біреуі одан бас тартады;
- біреуі оны қабылдап, шешімін іздеуге кіріседі;
- үшіншісі оны қабылдап қана қоймай, оны жақсы жаққа өзгерте бастайды. Тиімді көшбасшы шындықты қарсы алуға әрқашан дайын.

Толық суретін көре алу

Көшбасшылар проблеманың толық суретін көре біледі. Эмоция оларды орап, бағындыра алмайды.

Ретпен істеу

Ричард Слома мына кеңесті береді: «Ешқашан проблемалардын барлығына кіріспеңіздер, оларды тізіп, ретімен шешіңіздер». Егер алдарыңызда проблемалар көптеп тұрса, онда алдыңғысын шешкендігіңізге куә болыңыз.

Басты мақсаттан шегінбеу.

Көшбасшылар басты шешімді қиын жағдайда емес, шарықтау кезінде қабылдайды.