Қазақстанның ұлттық тағамдары тек өз елінде ғана танымал емес, бесбармақ, бауырсақ, қазы, қуырдақ, ірімшік сияқты қазақтың әйгілі
тағамдарын қаланың көптеген дәмханалары мен мейрамханаларында дәмдеуге болады. Еттің, қышқыл сүт өнімдерінің, ұн өнімдерінің көптігі қазақ асханасының
ерекшелігі болып табылады.
Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз ақ деп атаған.
Ет тағамдары
Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар:
Ет(жас ет, сүр ет).
Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.
Жөргем– бунақтап өрілген ішек.
Жұмыр– ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.
Нарын– піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.
Түймеш– туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.
Үлпершек– жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.
Шұжық– шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.
Бұқтырмает,картоп,сәбізді бұқтырып пісіретін тағам
Қазақ халқының табақ тарту дәстүрі
Бас табақ – бас, жамбас салынып, қонақтың ең жасы үлкеніне қойылады.
Сый табақ – жамбас салынып, сыйлы қонақтың алдына қойылады.
Орта табақ – асықты жілік салынады.
Күйеу табақ – бір сан жілік пен төс салынады.
Келін табақ – ұлтабар және жүрек салынады
Құдағилар табағы – жамбас немесе асықты жілік салынады.
Ұн тағамдарыі
Нан
Бауырсақ (тоқаш).
Бөкпен – асықты жілік салынады.
Атала – суға ұн салып жасаған сұйық көже.
Быламық – ұннан пісірілетін қоюлау тамақ.
Жайма (шелпек, қаттама және т.б.).
Нанның түрлері:
Бәтер– ашытылмаған қамырдан табаға пісірілген жұқа нан.
Жаппа нан – қазанға қарып пісірілген нан.
Зағара нан– жүгері ұнынан пісірілген нан.
Көмбе нан – отқа көміп пісірілген нан.
Кісе нан – ішіне ет, картоп, орамжапырақ салып пісіретін нан тағамы.
Қазанжаппа – қазанға қақтап пісірілген нан.
Таба нан– табаға пісірілген нан.
Тандыр нан– тандырға пісірген нан.
Откройте страницу на компьютере
https://ivox.kz/ru/physic
Бұл контент және өнім Қазақстан Республикасының Авторлық заңнамасымен қорғалған және құқық иеленушілердің ("iVOX" ЖШС) хабарынсыз кез келген көшіру, пайдалану және (немесе) тарату Қазақстан Республикасы заңнамасымен қудаланады.
×