Артқа
Әкімшілік-аумақтық
құрылым
Елдің әкімшілік-аумақтық құрылымына 17 облыс және республикалық маңызы бар 3 қала кіреді.
Толығырақ білу үшін облысты бас.

2 млн 724,9 мың шаршы километр аумақты алып жатыр, ел әлемдегі көлемі бойынша тоғызыншы орында тұр. Солтүстікте және батыста республиканың Ресеймен ортақ шекарасы бар – 7 591 км (әлемдегі ең ұзын үздіксіз құрлық шекарасы), шығыста Қытаймен – 1 783 км, оңтүстікте Қырғызстанмен – 1 242 км, Өзбекстанмен – 2 351 км және Түркіменстан - 426 км. Құрлық шекараларының жалпы ұзындығы – 13 200 км.

Қазақстан - Дүниежүзілік мұхитқа тікелей шыға алмайтын әлемдегі ең үлкен мемлекет. Ел аумағының көп бөлігін шөлдер құрайды - 44% және жартылай шөлдер - 14%. Дала Қазақстан аумағының 26%-ын, ормандар - 5,5%-ын алып жатыр. Елімізде 8,5 мың өзен бар. Каспий теңізінің солтүстік -шығыс бөлігі республиканың құрамына кіреді. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан арасында бөлінген. Қазақстанда 48 мың үлкен және кіші көл бар. Олардың ең ірілері - Балқаш, Зайсан және Алакөл. Мұхиттардан алыс орналасуы елдің күрт континенталды климатына әбден әсер етуде.