Артқа
Отбасыдағы әдеп
Ең алдымен, әр бала ата-анасының алдында әдеп сақтай білу керек. Үлкенмен қабаттасып сөйлеуге болмайды, ата-ананың айтқанын тыңдап, кҿмекші болу керек. Ата-анасын сыйламаған бала басқа адамды да сыйлауды білмейді.
Дастархан басындағы әдеп
Әрдайым асты уақытында жҽне тамақты асықпай аз аздан ішу, үстел үстінде сөйлемеу керек.
Сөйлеу мәдениеті
Әр уақытта ойланып, асықпай сөйлеу керек. Қоғамдық орында дауыс көтеріп сҿйлеу–мәдениетсіздік. Үш кісі отырып, екі кісі сыбырласу – үшінші адамды сыйламағандық. Біреудің сөзін бөлу– әдепсіздік.
Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау
Мектепке кіргенде бас киіміңді шеш, сабаққа мектеп формасымен кел, сыныпқа келгенде мұғаліммен, жолдастарыңмен амандас, үзіліс кезінде жүгірме.
Әдептілік пен әдепсіздік белгілері
— Әдептілік амандасудан басталады.
— Әрқашан үлкенді сыйлау, құрметтеу. Халқымыздың ақсақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені, жалпы жасы үлкенді сыйлап, алдынан өтпеу- ата дәстүріміз. Әдепті бала ата-анасын құрметтеп, автобуста қарт кісі немесе балалы әйел адам мінсе орын береді.
— Әдептіліктің белгісі – мейірімділік, қайырымдылық.
Әдепті бала ата-анасына қамқорлық жасайды, туысқандарына бауырмал болып, ауыр жүк көтеріп келе жатқан үлкен кісінің сөмкесін алып көмектеседі.
— Кешірім сұрау, кешіре білу де әдептілік белгісі. Ренішті ұмытып, татулыққа бірінші болып қадам жасауға тырыс, қателігіңді мойындай біл.
Әдепсіздік белгілері: мақтаншақтық, үлкенді сыйламау, өтірік айту, өркөкіректік. Бұндай жаман әдеттерден арылудың жолы – адам өзін-өзі тәрбиелеуі керек.